Семейде Әзілхан Нұршайықовтың атына көше берілді

21 Мамыр 2019, 21:11
4153
Бөлісу:
 Семейде Әзілхан Нұршайықовтың атына көше берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде жаңа көшенің ашылу салтанаты болды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.

Семейде Қазақстанның халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әзілхан Нұршайықов атына көше берілді.

Бұл көше бұрын Крупская атында болған.

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов 15 желтоқсан 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған.

1941 – 1945 жылдары Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949).

1953–1979 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1953 – 56 жылдары Павлодар облысы «Қызыл ту» газетінің редакторы, 1961 – 63 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» деген атпен 1956 жылы жарық көрді. 1987 жылы — «Дорогие памяти» әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды.

Әзілхан Нұршайықов 2011 жылы ақпан айында дүниеден озды.

Өзгелердің жаңалығы