Семейде жылыту маусымы уақытынан ерте басталды

25 Қыркүйек 2020, 19:45
1622
Бөлісу:
Семейде жылыту маусымы уақытынан ерте басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты және ЖРВИ-дің алдын алу үшін Семейде жылыту маусымы 25 қыркүйекте басталды.

Айта кету керек, өткен жылы жылу беру кезең – кезеңімен жүзеге асырылды: алдымен әлеуметтік нысандар мен денсаулық сақтау нысандары, содан кейін ғана тұрғын үйлер жылуға қосылды. Биылғы жылы жылу бәріне бірден беріледі.
Бүгін сыртқы температураның төмендеуіне байланысты және ТКШ бұйрығы негізінде "Теплокоммунэнерго" жылыту маусымын бастайды. Бүгін әлеуметтік нысандар мен тұрғындарға жылу беріледі. Бүгінгі таңда кәсіпорында көмір қоры шамамен 50 мың тоннаны құрайды, бұл жылыту маусымында қазандықтардың сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Барлық жылу көздері дайын. Биыл жөндеу жұмыстары ЖЭО-1, АҚ-1, 103 қазандығында жүргізілді. Сондай-ақ, биыл біз қосымша Силикатный кентін қосып, бірқатар жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 127 миллион теңге бөлінді. Бізде көмір жеткілікті. Күн сайын 20-22 вагон көлемінде көмір жеткізіледі. Проблемалар жоқ, қысқа 100% дайынбыз, – дейді 1-ЖЭО директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Николай Демин.
Қазіргі уақытта көмір дүрлікпесі байқалмайды. Қала бойынша көмір бағасы 9500 теңгені құрайды. Жұмыс штаттық режимде жалғасуда.
Семей қаласының ақпараттық орталығы
Өзгелердің жаңалығы