Семейде жолақысы қымбаттады

21 Қаңтар 2020, 01:39
1571
Бөлісу:
Семейде жолақысы қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде қоғамдық көлік билетінің жаңа бағасы бекітілді. Жол ақысы ересектер үшін 140 теңге, 7-15 жас аралығындағы балалар үшін 70 теңге болады, деп хабарлайды аltaynews.kz. 

Алайда бұл баға билетті ақшаға сатып алғандар үшін ғана арналған. Көлік картасы арқылы сатып алынған билеттің бағасы - 80 теңге.

Өткен жылдың 3 желтоқсанынан бастап Семейде электронды билеттеу жүйесі енгізілгенін естеріңізге саламыз. Қала әкімінің ресми Instagram-парақшасында қазіргі таңда 147 мың көлік картасы іске қосылғаны туралы хабарланып отыр. Операторлар 328 мың валидатор мен ұялы терминалдар сатып алған.

Енді ақшаға билет алатындардың жол ақысына екі есе шығынданатынын ескертеміз. Ал жол ақысын төлеуден бас тартқандарға 2 АЕК (5302 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Бұларға арнайы құрылған мобильді топтар бақылау жасайды.





Өзгелердің жаңалығы