Семейде жол апатынан үш адам зардап шекті

12 Қыркүйек 2021, 22:39
4218
Бөлісу:
Семейде жол апатынан үш адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде жол-көлік оқиғасы болып, үш адам зардап шекті. Бұл туралы ПБ баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты 11 қыркүйек күні сағат 09:30 шамасында болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қорытындысы шығарылғаннан кейін әкімшілік шаралар қабылданатып болады, - делінген хабарламада.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Kia Rio көлігінің 64 жастағы жүргізушісі Ибраев көшесінен Момышұлы көшесіне келе жатып, бастыжолда келе жатқан, 36 жастағы жүргізуші тізгіндеген Lexus LX 570 көлігімен соғылған. Салдарынан Lexus LX 570 көлігі аударылып, Момышұлы көшесі бойында келе жатқан Toyota LC 150 көлігіне соқтығысқан.
Өзгелердің жаңалығы