Семейде жерасты өтпелері жөнделіп жатыр

14 Ақпан 2019, 15:23
1749
Бөлісу:
Семейде жерасты өтпелері жөнделіп жатыр

Астана, BAQ.KZ. Семейде 20 жылдан бері назардан тыс қалған жерасты өтпелері жөнделе бастады. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Ол үшін былтыр қала қазынасынан 20 миллион, биыл тағы 18 миллион теңге бөлініп отыр. Осыған дейін Қайым Мұқаметханов және Қабанбай батыр көшелеріндегі нысандар жөндеуден өткен. Баспалдақтар мен қабырғалар ретке келтіріліп, жарық орнатылды.

Қар мен жаңбырдан қорған болу үшін поликарбонат жабындылары қойылған. Биыл Шәкәрім және Әуезов даңғылындағы жер асты өтпелері жөндеуден өтеді. Жалпы қалада дәл осындай 8 нысан бар. Олардың барлығы кезең-кезеңімен ретке келтіріледі.

«Өкінішке қарай кейбір жабындыларды сындырып кету оқиғалары да орын алды. Алайда бұзақылар бүлдірген нысандарды мердігер мекеме өз қаражатына қайта қалпына келтірді. Болашақта осындай әрекеттердің алдын алу үшін бейнебақылау камераларын орнатуды көздеп отырмыз», - дейді қалалық автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі бөлімінің жетекшісі Серікқали Жұманов.

 

Өзгелердің жаңалығы