Семейде жабық пәтерден 5 бала құтқарылды

13 Мамыр 2019, 10:13
1980
Бөлісу:
Семейде жабық пәтерден 5 бала құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдің құтқарушылары жабық пәтерден 5 баланы құтқарды. Ең кішісі 2018 жылы туған. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.

№2 жасақтың кезекші телефонына Селевина көшесінде жабық пәтердегі 5 баланы құтқару керектігі туралы қоңырау түскен.

Арада аздаған уақыт өткенде құтқарушылар аталған мекенжайға келіп, есікті аша алмай, екінші қабатқа сатымен шыққан. Балконнан үйге еніп, есікті ашқан.

Балалар анасы жоқта есікті іштен жауып алыпты. Аша алмай абыржыған ана құтқарушыларды көмекке шақырған.

Құтқарушылардың сөзінше, балалардың жағдайы жақсы. Өздерін жақсы сезінеді.

 

Өзгелердің жаңалығы