Семейде үздік жастар театры анықталды

24 Сәуір 2019, 15:30
1703
Бөлісу:
Семейде үздік жастар театры анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қалалық мәдениет сарайында «Үздік жастар театры – 2019» байқауы болды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.

Байқаудың ұйымдастырушылары – Семей қаласының ішкі саясат бөлімі, «ШҚО жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы» Семей қалалық филиалы.

«Байқаудың мақсаты – жастар арасындағы нашақорлық деңгейін төмендету, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес және жастар арасында отбасы құндылығын насихаттау. Байқауға қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құралған 9 студент жастар театры қатысты», - деді Семей қалалық Жастар ресурстық Орталығының директоры Олжас Соғымбай.

байқаудың нәтижесі бойынша 1-орын – «Айбарыс» жастар театры (Бизнес және Сервис колледжі), 2-орын – «Ес-Аймақ» драма үйірмесі (М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі), 3-орын – «Қазақ жастары» драма театры (Құрылыс колледжі), «Ең үздік ер адам рөлі» аталымын Мәсалім Ыһлас («Ес-Аймақ» студент жастар театры, М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесі), «Ең үздік әйел адам рөлі» аталымын Жанна Құрманғазина («Жігер» студенттер театры, М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесі) иеленді.

Барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен, жүлдеге іліккен қатысушылар ақшалай сыйлықтармен арнайы дипломдармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы