Семейде Ядролық медицина орталығы ашылды

18 Сәуір 2021, 14:51
3067
Бөлісу:
Семейде Ядролық медицина орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуге арналған Қазақстандағы алғашқы Ядролық медицина орталығы ашылды, деп жазды Орталықтың баспасөз қызметі. 

Бұл технологияларды енгізу біздің еліміздің ядролық медицинасындағы жетекші мамандармен және Қазақстан Республикасының Президент істері басқармасы медицина орталығы ауруханасы мамандарымен бірлесе жүргізілуде.⠀⠀

Орталықтың іске қосылуы үш кезеңге арналған жоспарға сәйкес біртіндеп жүзеге асырылады. Бірінші кезең аясында жұмысқа радиоизотопты диагностика бөлімі кірді. Онда орнатылған ОФЭКТ (бір фотонды-эмиссиялы компьютерлі томография) және компьютерлі томографпен біріктірілген ОФЭКТ мамандарға адам ағзасындағы қатерлі процестерді бастапқы сатыларында анықтағаны сияқты, басқа да көптеген онкологиялық емес патологияларды да анықтауға мүмкіндік береді.⠀⠀

Қазіргі уақытта мынадай зерттеулер жүргізілуде:⠀

– адам қаңқасы (метастаздарды анықтау үшін);⠀

– қалқанша без және қалқанша без қосалқысы;⠀

– бауыр және бүйрек;⠀

– онкологиялық пациенттерге жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.⠀⠀

Семей қаласының  Ядролық медицина орталығы құрылысын жүргізу кезінде радионуклидтермен жұмыс істеуге алдын-ала дайындалған және арнайы оқытудан өткен мамандардың жеке тобы құрылды. Бүгінгі күні бөлімде 16 медицина  қызметкер, олардың арасында ядролық медицина дәрігерлері, радиохимиктер, радиофармацевтер, медицина физиктері, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженерлер бар. ⠀

Шілде айында Орталықты іске қосудың екінші кезеңі аясында радионуклидті терапияны енгізу, ал одан кейін 2021 жылдың қыркүйек айында үшінші кезеңге өту яғни, ПЭТ диагностика және ең заманауи циклотронда 18F-фтордезоксиглюкоза радиофармпрепратын өндіруді іске қосу жосарлануда.

Өзгелердің жаңалығы