Семейде қысқы спорт түрлеріне арналған мұз модулі салынады

19 Маусым 2019, 11:20
1352
Бөлісу:
Семейде қысқы спорт түрлеріне арналған мұз модулі салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде жақын арада шорт-трек, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, керлинг және конькимен жүгіру сынды қысқы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту мақсатында, мұз модулі салынбақ. 

Мұз модулі 500 көрерменге арналып жасалмақшы, деп жазады Аltaynews.kz. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің жеке сайтында ұсынылған жобаға сәйкес, кәсіпкер модульді салуға және пайдалануға ұсынуы тиіс, ал мемлекет 12 жыл бойы объектінің барлық шығындарын өтейді. Қазір шенеуніктер бірегей спорт нысанын салуға ниетті серіктесті іздеуде.

Өзгелердің жаңалығы