Бас жаңалықтар
Семейде суға батқан қызды құтқарған 14 жастағы баланың өзі құрбан болды
31 Шілде 2021, 12:43 1068

Семейде суға батқан қызды құтқарған 14 жастағы баланың өзі құрбан болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының 14 жастағы тұрғыны Нұржігіт Әшімжанов суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп өзі опат болды.

Бұл туралы блогер Александр Цой әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Биылғы жылдың 30 маусымында Нұржігіт достарымен бірге Ертіс өзенінің бойында демалуға барған. Бір кезде ол суға батып бара жатқан қызды көріп қалады.

Көп ойланбастан суға секірген ол жақсы жүзуді білмеген екен. Сонда да Нұржігіт қыздың қасына дейін жүзіп барып, оны шұңқырдан шығарып, жағаға қарай итеріп жіберген. Алайда өзінің судан шығуға әлі қалмаған.   

Куәгерлер оны ес-түссіз күйінде судан шығарып алды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі реанимациялық шараларды жасағанымен, оны құтқару мүмкін болмады. 

Жақында Нұржігіт қайтыс болғаннан кейін «Батып бара жатқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Баланы осындай лайықты етіп тәрбиелегені үшін ата-анасына алғыс айтамыз. Жүрегі кең кішкентай батырдың жатқан жері жайлы болсын!, - деп жазды Александр Цой.


Фото: дереккөз
Загрузка...