Семейде Оразғали Сейтқазинге ескерткіш тақта орнатылды

13 Маусым 2021, 20:31
1858
Бөлісу:
Семейде Оразғали Сейтқазинге ескерткіш тақта орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер, композитор, білім беру ісінің үздігі, өскелең ұрпаққа үлгі болған азамат Сейтқазин Оразғали Жүнісбекұлына арнап ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлады Altaynews.

Бұл туралы қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қарқаралы топырағында дүниеге келген Оразғали Жүнісбекұлы 1974 жылдан бері Семей елінде жемісті еңбек еткен. 

Қорқыт бабамыздан жеткен киелі қобызға жан бітіріп, дәстүрді жалғастырған халық композиторы, қазақ еліне аты шыққан күйшіге айналды. Ол - музыка салысында өзіндік қолтаңбасын қалдырған дарынды сазгер. Сазгер музыкасының ерекшелігі: ұлттық ән нақышының Еуропаның классикалық музыка иірімдерімен үйлесім тауып, біте қайнасуында. Өзіндік ерекше еңбектерімен танылған өнер жұлдызы, ұстаз, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Жүнісбекұлының есімі өнер сүйер қауым мен ұлағатты шәкірттерінің есінде мәңгі сақталады, - дейді Нұрымбет Сақатағанов.
Өзгелердің жаңалығы