Семейде масалармен күрес басталады

28 Мамыр 2020, 14:37
1648
Бөлісу:
Семейде масалармен күрес басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ауа райы әдеттегіден ерте жылынып, қансорғыш жәндіктер де ерте шығып, тұрғындардың мазасын ала бастады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Семей қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Асан Дүйсембаев брифингте тоғандарды тазарту жұмыстары 19 мамырдан басталғанын, ал масалармен күрестің 30 мамырда басталатынын айтты.

Келісімшартқа сәйкес жұмыс 1 маусымда басталуы керек еді. Күннің ерте жылынуына байланысты мердігер ұйым "КазМедДез" ЖШС 30 мамырда жұмысын бастайды. Зиянкестермен күрес жазғы маусымда және қыркүйек айында болады, - деді Асан Дүйсембаев.
Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те масалардың таралу ошақтарын тексерді. Қала басшысы қаладағы масалардың ошағын тазартатын мердігер табу керек деп тапсырма берген. Себебі қала аумағында орналасқан 37 су объектісінің 27-сі анафилогенді, яғни безгек масаларын өсіретіндер.

Ал мамандардың айтуынша, масаларды толығымен жоюға болмайды, басты міндет - олардың санын азайту.


Өзгелердің жаңалығы