Бас жаңалықтар
Семейде коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам анықталды
30 Мамыр 2020, 09:41 211

Семейде коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам анықталды.

Олардың барлығы Семей қаласының тұрғыны.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ПТР әдісі бойынша зертханалық талдаулар 12 адамнан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған тұлғалар ретінде тексеруден өткен. Ал 2 науқастан стационарға жоспарлы жатқызылу кезіндегі тексеруде, қалған 3 жағдай ЖРВИ және пневмония ауру белгілерімен түскен науқастарға мониторинг жасау барысында анықталды, - делінген хабарламада. 
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Осы уақытқа облыста коронавирусты жұқтырған 114 адам тіркелді.

Фото: дереккөз
Загрузка...