Семейде көпбалалы аналарды қолдау орталығы ашылады

29 Қараша 2021, 14:33
1066
Бөлісу:
Семейде көпбалалы аналарды қолдау орталығы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде «Жанұя» көпбалалы аналарды қолдау орталығы ашылады. Орталықтың ресми ашылу салтанаты алдағы мерекелердің қарсаңында өтеді, деп хабарлайды Altaynews.

Жалпы, бұл орталық бір жылдан астам уақыт бұрын құрылып, жұмыс істеп келеді. Жиырмадан астам қызметкері бар.

Көпбалалы аналар барлық көпбалалы отбасыларды біріктіретін бірыңғай орталық құру қажеттілігі мәселесін бірнеше рет көтерген еді. Қазіргі уақытта бұл мәселе шешілген. Мұнда көпбалалы отбасылардың мүшелері білікті психологтардың, заңгерлер мен әлеуметтанушылардың көмегін ала алады, - дейді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Орталыққа денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй бағдарламалары мәселелері бойынша жүгінуге болады.


Өзгелердің жаңалығы