Семейде көктайғақтан 30-дан астам адам зардап шекті

24 Қараша 2021, 21:43
1116
Бөлісу:
Семейде көктайғақтан 30-дан астам адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында көктайғақтан 30-дан астам адам зардап шекті.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, таңертеңнен бері көктайғақтан зардап шеккен тұрғындар медициналық мекемелерге жүгінуде.
Бірнеше сағат ішінде дәрігерлер жарақат алып, аяқ-қолы көгерген 33 адамға көмек көрсетті. Көктайғақ кезінде азаматтардың барынша абай болғаны жөн, делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы