Бас жаңалықтар
Семейде бір ай ыстық су болмайды
20 Шілде 2019, 05:38 249

Семейде бір ай ыстық су болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жылукоммунэнерго» мемлекеттік мекемесінің мәлімдеуінше,Семейде 22 шілдеден бастап, тамыздың 20-на дейін бір ай ыстық су болмайды, деп жазады altaynews.kz.

Әлбетте, су мұқым қалада бір мезетте өшеді деген сөз емес бұл. Жоспарлы түрде, әр көшеде кезек-кезегімен уақытша тоқтатылып отырады.

Ыстық су жылыту маусымына дайындық бойынша жүргізілетін жоспарлы іс-шараларға байланысты өшіріледі.

"Жылыту маусымына жоспарлы дайындықты қыркүйек айына қалдармауды дұрыс деп шештік. Себебі бұл уақытта жаңа оқу жылы басталып, көпшілігі егістік жинайды. Жұмыстардың күзде емес, жазда жасалуы, тұрғындарға қолайсыздық тудырмайды деп ойлаймыз", - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің бастығы Амантай Өтелбаев.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық