Семейде 50 отбасы баспаналы болды

2 Желтоқсан 2019, 14:56
5086
Бөлісу:
Семейде 50 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында облыс әкімі Даниал Ахметов пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

ҚР Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай өңірдегі балалар үйінің 27 түлегі мен 23 көпбалалы отбасы баспаналы болды.
Мен сіздерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күнімен құттықтаймын! Бұл күнді біз еліміз үшін аса мақтанашыпен атап өтеміз. Бүгін сіздерге жаңа ықшам аудандаңы пәтерлердің кілтін табыстаймыз. Жақын арада мұнда әлемдік деңгейдегі мәдени-спорттық кешен ашылып, балаларыңыз үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасалады. Қоныс тойларыңыз құтты болсын. Жақсылық пен бақыт тілеймін. Елімізге сеніңіздер, өздеріңізге сеніңіздер, Отанымызды – Қазақстан Республикасын сүйіңіздер, Тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты шексіз құрметтеңіздер, - деді Даниал Ахметов.
Баспаналы болғандардың арасында көпбалалы ана Гүлжахар Қоныспаева да бар. Ол алты бала тәрбиелеп отыр, алдағы жылы отбасында тағы бәр сәби дүниеге келмек.
Облыс пен қала әкімдіктеріне алғыс айтамын. Біз он жыл кезекие тұрдық. Барлық көпбалалы отбасылардың баспаналы болуын тілеймін. Балаларым өз үйіміздің болғанына қуанып жатыр, - дейді Гүлжахар Қоныспаева.

Өзгелердің жаңалығы