«Семей-Қызылорда» пойызы уақытша тоқтатылды

27 Маусым 2019, 10:59
4262
Бөлісу:
«Семей-Қызылорда» пойызы уақытша тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Семей-Қызылорда бағыты бойынша пойыз жүрмейді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Семей теміржол вокзалының мәлімдеуінше, бағыттың уақытша тоқтауына Арыс қаласындағы төтенше жағдай түрткі болған. Барлық билет алған жолаушылар өз ақшаларын кері қайтара алады.

«Кешеден бері, яғни 26 маусымнан бағыт жабылды. Адамдар біртіндеп билеттерін өткізіп, ақшаларын алып жатыр», - дейді теміржол қызметкерлері.

Бүгінге кетемін деп жоспар құрғандар, билеттеріңізді өткізіп, басқа амалын іздей берулеріне болады.

Өзгелердің жаңалығы