Семей тұрғындары жылуға 400 млн теңгедей қарыз

22 Ақпан 2020, 07:12
1357
Бөлісу:
Семей тұрғындары жылуға 400 млн теңгедей қарыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының тұрғындары жылуға 400 млн теңгедей қарыз болып қалған.  Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен жиында айтылды.


Қалалық ақпарат орталығының мәліметінде жылу маусымының төрт айында жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі 396 млн теңгені құраған. Ал коммерциялық ұйымдар мен заңды тұлғалар 204 млн теңгеден астам қарызға батқан.

 

Біз халықты шотты алғаннан кейін созбалаңға салмай, ай сайын төлем жасап отыруға шақырамыз. Тұрғындардың төлем қабілеті - 40 пайыз, негізінен бұл - зейнеткерлер мен бюджеттік ұйым қызметкерлері. Екі ай немесе одан да көп уақыт көлемінде тиісті төлем жасалмаса борышкерлерге қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылады, - дейді "Теплокоммунэнерго" МКК сату басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Төлеубаева.

Оның айтуынша, 2019 жылдың ақпан айынан бастап ақша өндіру жұмысы жеңілдетілген. Бірінші абонент бұл туралы хабарлама алады. Одан кейін екі апта ішінде орындау туралы акт жеке сот орындаушысына жіберіледі. Борышкердің қарызына байланысты банктегі шоттары, мүлкі бұғатталады. Сондай-ақ оған ел аумағынан шығуға тыйым салынады. Ал заңды тұлғаларға бірдей санкциялар қолданылады.


Кейде абонент төлемді уақытылы жасай алмай қалатын жағдайлар да кездеседі. Осындай кезде "Теплокоммунэнерго" МКК-ға кепілдеме хат дайындап, ол жерде кешіктіруге не себеп болғанын және қарызды қашан төлейтінін жазу қажет, - дейді басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
Өзгелердің жаңалығы