Алматы ТЖД сел қаупінің не себепті туындағанын айтты

14 Тамыз 2019, 10:25
2015
Бөлісу:
Алматы ТЖД сел қаупінің не себепті туындағанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖД-ның хабарлауынша, оқиға орнында жағдай бірқалыпты.

Zakon.kz деректеріне сүйенсек, соңғы екі айдағы тұрақты температуралық жағдайға байланысты 14 тамызда сағат 6.20-да Қарғалы өзенінің моренаішілік каналдары арқылы №1 бассейнінен шамамен секундына 5 куб метр су кетіп, өзеннің су деңгейі 5 метрге төмендеді. Алдын ала мәлімет бойынша кеткен судың көлемі 20 мың кубты құрайды.

"Тез арада Қарғалы шатқалында тұрып жатқан халық арнайы құрылғылар арқылы құлақтандырылды. Халыққа хабар тарату үшін Наурызбай ауданының өрт сөндіру бөлімшелері, жол-патрульдік экипаждары жіберілді. Наурызбай ауданының зардап шеккен тұрғындарын қабылдайтын пунктілердің дайындығы тексерілді. Оларды қауіпсіз жерге көшіру үшін Бостандық ауданындағы мектеп ғимаратын дайындап қойды", - делінген ТЖД хабарламасында.

1565753533_a8b8e0ec-6a5a-467d-bb3f-0da8194cb95c.jpg

Наурызбай ауданы Қарғалы өзенінің бойындағы учаскелерде газ және электр қуаты өшірілді. ТЖ алдын алу үшін жедел штаб құрылды. Азаматтық қорғаныс қызметтері Алматы қаласындағы ТЖД ситуациялық-кризистік орталығында тұрғындармен жұмыс істейтін болады. КазАвиаСпас, Алматы қаласы құтқару қызметі және Ұлттық гвардияның жеке құрамы құтқару жұмыстарына әзір.

Сел кезінде жедел әрекет ету үшін Алматы ТЖД-ның бүкіл құрамы, күштері мен техникасы жұмылдырылатын болады.

Былтыр аталған өзеннің маңындағы селдің алдын алу жұмыстары 6 маусымда басталған болатын. Ол үшін қуаттылығы жоғары 6 сорғы, пластик сифон құбырлар қолданылды, сонымен қатар эксковатордың көмегімен суды жіберуге арналған эвакуациялық канал қазылған болатын.

Алдын ала сел қаупі бар 8 учаске белгіленді. Сондай-ақ, сел қаупі туындаған жағдайда жедел әрекет ету тобының 59 бірлік техникасы және жеке құрамнан 216 адам жұмылдырылатын болады.

Сағат 8.43-тегі жағдай бойынша, өзеннен су кетіп жатқан жоқ. Қарғалы өзеніндегі судың шығыны байқалмайды. Қарғалы өзенінде су ағыны реттеліп, секундына 20 мың куб метр су тасымалдауға қауқарлы. 

Өзгелердің жаңалығы