Сағынтаев сел өткен аудан тұрғындарымен кездесті

14 Тамыз 2019, 17:32
1607
Бөлісу:
Сағынтаев сел өткен аудан тұрғындарымен кездесті
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сел өткен Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы қала әкімі Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады. 

WhatsApp Image 2019-08-14 at 13.42.51.jpeg

"Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездестім. Адамдар өздерін толғандыратын өткір мәселелер туралы айтты. Олар – ауызсу, жол, көлік, балалар демалысы, ұрлықпен күресу", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

WhatsApp Image 2019-08-14 at 13.42.50.jpeg

Оның айтуынша, ауызсу мәселесі – аудандағы ең түйткіл проблема. 

"Ол жедел шешілмейді. Сондықтан тұрғындар ауызсу тапшылығына тап болмау үшін қазір ауданға су таситын көліктер санын арттырудамыз. Аудан тұрғындарының әрбір сұрағы қала басқармалары мен әкімдіктерінің бақылауында, әрқайсысына жауап беріледі", - деді қала басшысы.

WhatsApp Image 2019-08-14 at 13.42.52.jpeg

Сондай-ақ, ол мұндай кездесулерді барлық аудандар тұрғындарымен әр тоқсан сайын өткізетінін атап өтті.

Әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram-дағы ресми парақшасында Наурызбай ауданында болған төтенше жағдайға қатысты видео жариялады.


Бұған дейін Алматының Наурызбай ауданында сел жүргенін хабарлаған болатынбыз. Қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ екендігі туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты.


Өзгелердің жаңалығы