Бас жаңалықтар
Сайран көліне батып кеткен бала құтқарылды
08 Маусым 2019, 12:19 344

Сайран көліне батып кеткен бала құтқарылды

Алматы, BAQ.KZ. Құтқарушылар Сайран көлінде батып бара жатқан жеті жасар баланы аман қалды. Бұл туралы Құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«7 маусым күні сағат 16.32 кезінде Сайран көлінің шығыс жағын шолып жүрген 109 қызметінің қызметкерлері суға батып бара жатқан баланы байқаған. Құтқарушылар жеті жасар қызды судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оқиға орын алған жерге 103 қызметі мен полиция шақыртылды. Жедел жәрдем бригадасы баланы қарап, емханаға жеткізді»,-делінген хабарламада. 

Кейін белгілі болғандай қыз бала суға түсуге ата-анасының қарауынсыз, тек 11 жасар әпкесімен келген. Екеуі ойнамақ болып су жиегінде тұрған катамараннан суға секірген, сол кезде қыз бата бастаған.

Алматы қаласы әкімдігі аппаратының Құтқару қызметі Сайран көлін тәулік бойы кезекшілікпен бақылайды. Олардың құрамында 5 құтқарушы мен 1 дәрігер құтқарушы бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық