Бас жаңалықтар
Сайрамдық шаруа қожалықтардың жұмыстары жанданып келеді
25 Мамыр 2020, 19:22 247

Сайрамдық шаруа қожалықтардың жұмыстары жанданып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайрам ауданында жаздық маусымда жиналатын көкөніс пен жеміс-жидек кезінде сатылымға шықты. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент, Қарамұрт Ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, көкөністерді саудаға шығару жағдайымен танысты.

Аудандағы "Камран" шаруа қожалығы құлпынай, таңқурай, картоп өсірумен және мал бордақылаумен айналысады. Диқандар құлпынайды дер кезінде сатуда қиындық болмағанын, тек ауа-райының қолайсыздығынан өнім жылдағыдан аз болғанын айтуда.

Ал Аққала елді мекеніндегі "Шерзад-1" сүт бағытындағы ірі қара және мал бордақылау шаруа қожалығы жұмысын 2008 жылы 10 сиырмен бастап, бүгінде сауын сиырының өзін 127 басқа жеткізе алған.

Сапар барысында аудан басшысы "Ибтикар" өсімдік майын сығу цехы мен "Южанка-5" ЖШС жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеу цехына ат басын бұрды. Кәсіпкерлердің және ондағы жұмысшылардың жағдайын білді. Серіктестік директоры Сайрам ауданынан фирмалық дүкенін ашуға қолдау көрсетуді сұрады. Өз кезегінде аудан басшысы тиісті сала басшыларына мәселені шешу жолдарын қарап, нақты ұсыныс жасауды тапсырды.

Жұмысшы топ мектептердің әжетханасын өзектендіру, жол құрылысы және орталық көше бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қас беттерін ретке келтіру мәселелерін де назарға алды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...