Бас жаңалықтар
Сайрамда 100 гектар жерге алма бағы бой көтерді
28 Қыркүйек 2020, 10:05 131

Сайрамда 100 гектар жерге алма бағы бой көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сайрам ауданында жалпы аумағы 100 гектар болатын 7 қарқынды отбасылық алма бауы құрылды. 

Қосымша 17 гектар жерге бауға қажетті инфрақұрылымдық жүйелер енгізілді. Яғни, бау-бақша айналасында сорғы, сүзгілеу стансалары, коммуналдық ғимарат, жол, қоймалар, өткізу пункті, құдық қарастырылған. 

Жобаның жалпы құны 2 097,3 млн теңгені құрайды. Алма бағы жылына 4 500 тоннаға дейін өнім беруге қауқарлы. 

Бұл отбасылық бақтарда алманың Гала, Голден Делишес, Фуджи, Гренни, Смит сорттары M9 тамырына отырғызылған.

Интенсивті отбасылық бақтарға қажетті құрал-жабдықтармен қамтуды «Dala-fruit.kz» ЖШС жүзеге асырған.

Айта кетейік, бұл жобалар Түркістан облысы Инвестиция және экспорт басқармасына қарасты «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы жүзеге асырылып отыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...