Бас жаңалықтар
Сайрам ауданында тігін фабрикасы ашылды
28 Наурыз 2019, 16:20 547

Сайрам ауданында тігін фабрикасы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы маман киімдері мен төсек орындарын тігетін "АХБК" тігін фабрикасы ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған өндіріс орнын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен 1 млрд 200 млн теңге жұмсау арқылы іске қосып отыр. Нәтижесінде, жергілікті 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып, жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. 

Қазіргі таңда фабрика "Қазақстан темір жолы" АҚ-мен және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауға кірісіп кеткен. 

Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.


Фото: дереккөз
Загрузка...