Сайлаушылардың 65,9% дауыс берді – ОСК

9 Маусым 2019, 16:25
1650
Бөлісу:
Сайлаушылардың 65,9% дауыс берді – ОСК

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі.  Орталық сайлау комиссиясы сағат 16.00-ге дейін келген мәліметтерді жариялады. 

"2019 жылдың 9 маусымы сағат 16.00-ге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардағы сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтері бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың  65,9% дауыс берді. Сайлаушылар белсенді қатысып жатыр. Олардың ішінде Ақмола облысы 75,1%, Ақтөбе облысы бойынша 79,7%, Алматы облысы 78,9%, Атырау облысы бойынша 64,9%, ШҚО бойынша 69,8%, Жамбыл облысы - 71,8%, Қостанай облысы бойынша 69,7%, БҚО – 59,8%, Маңғыстау облысы бойынша 60,3%, Қызылорда облысы – 64,5%,  Қарағанды – 63,1%, Түркістан облысы – 70,0%, СҚО – 68,3%, Павлодар – 67,9%, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 49,6%, Алматы қаласы – 45,7%,  Шымкент қаласы бойынша 55,6% дауыс берді. Дауыс беру заң аясында өтіп жатыр", - деді ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы сайлауда дауыс беру бойынша көш бастап тұрғанын хабарлаған болатынбыз.  
Өзгелердің жаңалығы