Бас жаңалықтар
Сайлаушылар тізіміне Ассамблеяның 504 мүшесі енгізіледі
24 Желтоқсан 2020, 11:45 528

Сайлаушылар тізіміне Ассамблеяның 504 мүшесі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев аталған комиссияның бүгінгі отырысында айтты.

Жиын барысында Ерлан Дауылбаев Ортсайлауком өз өкілеттіктері шеңберінде Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған бюллетенінің нысаны мен мәтінін белгілейтінін, сондай-ақ оларды дайындауды қамтамасыз ететінін баяндады. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің нысаны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы №11/192 қаулысымен бекітілген.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлаушылар тізіміне Ассамблеяның барлық 504 мүшесі енгізіледі. Осыған байланысты, резервті қоса алғанда, дайындалуға жататын сайлау бюллетеньдерінің саны сайлаушылардың, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жалпы санының бір пайызы - 509 (бес жүз тоғыз) дана, - деді ол.

Сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген барлық тіркелген кандидаттар енгізіледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...