Сайлауға түсетіндер төлейтін жарна сомасы белгілі болды

24 Маусым 2021, 12:32
13445
Бөлісу:
Сайлауға түсетіндер төлейтін жарна сомасы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК аппаратының сайлау науқанын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Дәурен Ысқақов Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.

Заңға сәйкес, кандидат немесе саяси партия жылына жалақының бір реттік ең төменгі мөлшердегі сайлау жарнасын төлеуге міндеттеледі. Қазіргі уақытта ол сома 42500 теңге. Сайлау жарнасын үміткер немесе саяси партия жергілікті атқарушы органдардың шотына жібереді. Сайлау ақысы қайтарылмайды. Осыған байланысты сайлау жарнасын үміткердің сәйкестігін анықтағаннан кейін және тіркеуге дейін төлеу мүмкін, - деді ол.

Ысқақов атағандай, аудандық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды.

Сайлау комиссиялары кандидаттарды тіркегеннен кейін 5 күннен кешікпей жергілікті БАҚ-та үміткердің тегі мен атын, туған жылын тіркеу туралы хабарлама жариялайды. Әр үміткердің кәсібі мен қызметі, жұмыс орны, мекен-жайы, саяси партияға тиесілдігі мен азаматтығы туралы ақпарат беріледі. Аудан комиссиялары кандидатқа тіркелгеннен кейін куәлік береді, - деді Дәурен Ысқақов.

Өзгелердің жаңалығы