Сайлауды жазатын БАҚ өкілдері ПТР тапсырмайды – Бекшин

7 Қаңтар 2021, 13:06
1568
Бөлісу:
Сайлауды жазатын БАҚ өкілдері ПТР тапсырмайды – Бекшин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты. 

Учаске қызметкерлері тәулік бойы сонда болады. Байқаушылар мен өзге мүшелер міндетті түрде ПТР сынамасын тапсыруы керек. Екі күн ішінде 5840 учаскелерде болатын адамдар сынама тапсырды. Олардың арасынан 8 сынама оң болып шықты. Олар жұмсыстан алынып, сау адамдар олардың орнын алмастырады. Бұл өте маңызды әрі дұрыс іс-шара. Сайлау қауіпсіз өтуі керек, - деді ол. 

Бекшин учаскелік сайлауға барып ақпарат беретін журналистер сынама тапсыруға міндеттелмейтінін айтты. 

БАҚ өкілдеріне ПТР тестілеуден өту міндеттелмейді. Себебі олар сайлау учаскелерінде тәулік бойы жүрмейді. Ал тәулік бойы жұмыс істейтін сайлау комиссиясы мүшелері, байқаушылар, комиссиясы мүшелері, жұмыскерлер ПТР талдауын тапсыруға міндетті, - деді Бекшин.
Өзгелердің жаңалығы