Бас жаңалықтар
Маңғыстауда сайлаудың әділ өтуін 223 тәуелсіз байқаушы бақылайды
31 Мамыр 2019, 22:00 500

Маңғыстауда сайлаудың әділ өтуін 223 тәуелсіз байқаушы бақылайды

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі жиынында сайлау уақытында қоғамдық бақылау жүргізетін «Аманат» азаматтық платформасының өңірлік штаб мүшелері айтты.

Толықтыра кетсек, «Аманат» азаматтық платформасының республикалық кеңсесі 30 сәуірде жұмысын бастаған еді. Оның құрамына бұқаралық ақпарат өкілдері, қоғам белсенділері мен белсенді жастар енген. Осы аталған жобалық кеңсе сайлау мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс істейді.

Еліміздің әрбір облысында құрылған аймақтық кеңселерден кезектен тыс Президент сайлауына оң мыңға жуық байқаушы шығады. Яғни, республика бойынша әрбір сайлау учаскесіне «Аманат» азаматтық платформасының бір өкілі бекітіледі. Бұл оның ерікті түрде істейтін қызметінің бір бөлігі ғана.

Ол сонымен қатар сайлаудың әділ әрі ашық өтуін бақылап, сайлауалды дайындыққа араласып, әлеуметтік желіде дауыс берушілерді ақпараттандыру жұмысымен де шұғылданады.

Қазіргі таңда Маңғыстау өңірінде келер сайлаудың заң аясында өтуін бақылайтын 223 тәуелсіз байқаушы «Аманат» азаматтық платформасының өңірлік штабында дәріс алуда. Оларды сайлау барысын бақылау жұмыстарына баулу үшін осы штабтан 10 мобильді капитан бөлінген.

«Мобильді капитандар оларды өздерінің тұрғылықты жерлеріне барып оқытады. Күні бүгінге дейін облыстың қалалары мен ауылдарында оларды оқыту процесі аяқталып келеді. бақылаушы сайлау барысында дауыс беру орнын, мекен-жайын ашудан бастап дауыстарды толық санап біткенге дейінгі аралықтағы оның барлық функциональдық мүмкіндіктері мен қадамдары жазылған ақпаратпен қамтамасыз етіледі» - дейді «Аманат» азаматтық платформасының өңірлік штаб жетекшісі Ғалия Жалғасбай.

Айта кетейік, азаматтық платформа жұмысына тартылған азаматтардың ешқайсысы саяси партияларға жақтас бола алмайды.

Президентікке үміткер «Нұр Отан» партиясы және «Қазақстан халықтық коммунистік» партиясының штаб өкілдерімен кездесуді ұйымдастырған «аманаттықтар» Қарақия ауданына барған сапарында осы елді мекендегі байқаушылармен кездесті.

«Кезеңаралық қызмет болғандықтан, аз уақыт ішінде облыс бойынша жүргізілген жұмыстың алуан бағыттарына қарамастан біздің команда өзінің алғашқы нәтижелеріне қол жеткізді деп есептеймін. Әрбір азамат сайлауда өз таңдауын жасауы керек» - дейді Ғалия Жалғасбай.

Оның айтуынша, байқаушының қандай қызметтер атқаратыны жазылған методикалық нұсқаулық блакноты әзірленіп, сарапшылық бағытта дайындау жұмыстары әлі де болса жалғасып жатыр.

Көшпелі жиында бұл саланың бес бағытта атқаратын іс-шаралары туралы көпке жан-жақты түсінік берілді. Олардың алғашқысы сайлауға дейінгі және кейінгі қоғамдағы ахуалға тәуелсіз мониторинг жүргізеді.

Екінші басым бағыт - сайлаушылардың өз құқығын білуі үшін оларды ақпараттандыру. Бұдан бөлек, әр байқаушы өз қызметін сайлаудың ашық әрі әділ өтуі тиіс делінген ұстаным аясында атқаруы тиіс делінді.

Сондай-ақ байқаушының қоғамдағы түрлі пікірлердің ортақ келісімге келіп, халық үшін қызмет ететін Президентті таңдауына үлес қосуы қажет.

Соңғы бағыт бойынша кез-келген тұлғаның болашақ Президентке өзінің аманатын, яғни арман-тілегін бейнежазба түрінде жолдай алуына мүмкіндік берілмек.


Фото: автордан
Загрузка...

Сізден жаңалық