Сайлауда «бәріне қарсымын» деген жазу енгізіледі

15 Қаңтар 2021, 11:09
1790
Бөлісу:
Сайлауда «бәріне қарсымын» деген жазу енгізіледі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуы барысында айтты. 

Біздің басты мақсатымыздың бірі – адам құқықтарын толық қорғау. Бұл ретте, азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету өте маңызды. Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми көрсетудің өзі таңдау емес пе?!, – деп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастардың әлеуметтік қызметтері» деген ұғымды заң жүзінде рәсімдеу керектігін айтты.
Өзгелердің жаңалығы