Сайлау учаскелерінде бұзушылықтар тіркелген жоқ – Күнәділов

25 Шілде 2021, 14:24
1680
Бөлісу:
Сайлау учаскелерінде бұзушылықтар тіркелген жоқ – Күнәділов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Күнәділов сайлау процесі барысында бұзушылықтар анықталмағанын айтты.

Қазіргі уақытта еліміз бойынша 1 845 сайлау учаскесінде Партиялық емес байқау орталығының байқаушылары қамтылды. Біздің 2 000-нан астам байқаушымыз республиканың барлық облысында, ең шалғай сайлау учаскелерінде де жұмыс істеп жатыр, - деді ол.

Күнәділов сайлаушылардың белсенділігі жоғары болғанын атап өтті. Сөзінше, ауыл тұрғындары дауыс беруге көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр.

Айта кету керек, сайлау учаскелерінде елеулі бұзушылықтар тіркелген жоқ. Біздің байқаушылар сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығына әсер етпейтін кішігірім бұзушылықтарды тіркеді. Біз еліміздің барлық азаматына сайлау заңнамасын мүлтіксіз сақтауды және сайлау учаскелерінде арандатулар мен бұзушылықтарға жол бермеуді тағы да естеріне салып өтеміз, - деді қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы