Бас жаңалықтар
Сайлау қорытындысы шыққанда қуандым – жастар комитетінің төрайымы
10 Маусым 2019, 21:22 396

Сайлау қорытындысы шыққанда қуандым – жастар комитетінің төрайымы

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы өте ұйымдасқан түрде өтті. Сайлау күні мен үшін мерекеге айналды.

Еуразия гуманитарлық институтының жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Нұргүл Тырнахан кешегі өткен президент сайлау және оның қорытындысына қатысты осылай пікір білдірді.

«9 маусым күні шамамен сағат сағат 10-дарда №16 сайлау учаскесіне барып, дауысымды бердім. ҚР Президентінің сайлауына осылайша өз үлесімді қостым. Мен сайлау учаскесіне жақындағанда мерекелік көңіл күйді сезіндім. Студенттерім де хабарласып, мерекемен құттықтады. Біз үшін сол күн бір мереке сияқты сезілді. Өте жақсы ұйымдастырылған түрде өтті. Тағы бір қызықты жағдай – учаскенің жанында музыка ойнап тұрған болатын. Балалар, қыз-жігіттер тұрды. Ол кісілерді танымаймын. Сол кісілермен бірге алаңда билеп, оны әлеуметтік желіге бөлістік. Сондай көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. Жолдасым да соны айады. Дауыс беруге барғанында мерекеге барған сияқты болыпты» - дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, сайлау қорытындысы әділетті болды.

«Сайлау қорытындысы өте әділетті өтті деген ойдамын. Өйткені мен сайлауға тек қана дауыс беріп, содан кейін кетіп қалған жоқпын. Адамдармен әңгімелестім, халықтың арасында жүрдім. Сайлау менің болашағым болғандықтан сырттай адамдарды бақыладым. Сайлау қорытындысы шыққаннан кейін өте қуанышты болдым. Өйткені біздің еліміздің азаматтары өте дұрыс таңдау жасады. Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдаймын. Ол кісі көптеген жылдар еліміз үшін қызмет етіп келеді. Үлкен дипломатиялық келісім жүргізіп жүрген белгілі тұлға. Бетке ұстар, үлгі болар адам. Сондықтан мен еліміздің болашағы үшін алаңдамаймын. Сайлау қорытындысы өте дұрыс»,-дейді Нұргүл Тырнахан


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық