Сайлау комиссиясының мүшелері қашықтан оқытылады

29 Қазан 2020, 17:41
1837
Бөлісу:
Сайлау комиссиясының мүшелері қашықтан оқытылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сайлау комиссиясының мүшелері мен өзге де қатысушыларды оқыту қалай жүзеге асады? Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина айтты.

Оның айтуынша, биыл «Электоралдық оқытудың жол картасы» аясында 1000-нан аса түрлі санаттағы азаматтар оқтылды. Оларға арнап 24 оқыту іс шарасы ұйымдастырылды. Биыл пандемияға байланысты электрондық сертификаттары берілетін қашықтықтан оқыту және тестілеу жүйесі де қолданылды. 

Алдағы сайлауға байланысты қыркүйек-қазан айларында аумақтық сайлау комиссияларын тереңдетіп даярлау үшін аппарат мүшелері мен қызметкерлері өңірлерге шығып, оқыту семинарларын өткізеді. Аумақтық сайлау комиссияларының даярланған мүшелері төмен тұрған комиссиялардың мүшелерін қашықтан оқытады, - деді ол.

Қашықтықтан өткізілетін бейнеконференцбайланыс семинарлар кешені жоспарлануда, олардың барысында сайлау науқаны кезеңдері бойынша сайлау комиссиялары қызметінің нақты ұйымдастырушылық аспектілері түсіндірілетін болады. Сонымен қатар ОСК дауыс беру күні сайлауды ұйымдастырушылардың жұмысы туралы оқыту фильмін дайындайды, оны комитеттің интернет-ресурсында қолжетімді болады. Сайлаушылармен жұмыс жасау үшін ақпараттық, түсіндіру және жұмылдыру роликтері дайындалады.

Өзгелердің жаңалығы