Сайлау. Қазақстан экономикасының жағдайы қандай?

8 Қаңтар 2021, 11:42
2131
Бөлісу:
Сайлау. Қазақстан экономикасының жағдайы қандай?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы экономист Асқар Қисықов Қазақстандағы сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында айтты. 

Экономикадағы жағдай күрделі болып отыр. Карантин шаралары әлі де жалғасып жатыр. Баға бойынша шамамен 500 мың кәсіпкер шектеу аясында жұмыс істеп отыр. Бұл шектеулер уақыт пен адам санына қатысты болғанын айта кету керек. Пандемия мен карантин кезіндегі шектеулер әрине, үлкен әсер қалдырды. 2020 жылдың 11 айы бойынша бізде ЖІӨ деңгейі  2,8 пайызға төмен құлдырады. Алайда шынайы секторда тауар өндірісінің көлемі артып отыр. Фармацевтика мен машина жасау саласы өсім көрсетіп отыр, - деді ол. 
Сайлау. Қазақстан экономикасының жағдайы қандай?

Қисықов атап өткендей, қызмет көрсету саласында айтарлықтай түсім болды. 

Бұл ЖІӨ-нің 6 пайызын құрайды, мұндай көрсеткіш әлі де болмаған еді. Транспорт, сауда мен адамдармен тікелей қызмет көрсетуге қатысты салалар зардап шекті. Өткен жылы наурыздан бастап бірқатар дағдарысқа қарсы пакеттік іс-шара қабылданды. Оны Үкімет пен «Атамекен» ҰКП жүзеге асырды. Ол 6 трлн теңгені құрап отыр. Бұл қайтарымсыз сома. Біз жинақтаған қор күрделі кезеңде осындай шара қабылдауға мүмкіндік берді. Салықтан босату шаралары да жүзеге асырылды. Оның аясында 700 мыңға жуық кәсіпкер қамтылды, - деді ол. 
Экономист айтқандай, қазір кез келген кәсіпкерлік субъектісі 6 пайызбен несие ала алады. 
Бұл шаралар болуы мүмкін дағдарыстың алдын алды. Шағын және орта бизнестің ашылуы мен жабылуы бойынша банкроттық көрсеткіш болғаны байқалмайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы