ОСК сайлау бюллетенінде кандидаттар қандай тәртіппен орналасатынын айтты

21 Мамыр 2019, 16:52
3024
Бөлісу:
ОСК сайлау бюллетенінде кандидаттар қандай тәртіппен орналасатынын айтты
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень мәтінін бекітті. 

2019 жылы 20 мамырда сайлау учаскелеріне тиісті әкімдер қол қойған сайлаушылардың тізімі берілді. Тізімдегі сайлаушылардың саны 11 947 995 адамды құрады.

ҚР Сайлау туралы конституциялық заңының 37-бабы 2-тармағына сәйкес сайлау бюллетеньдері сайлаушылардың жалпы саны 1% резервімен сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады. Осыған байланысты 12 067 475 сайлау бюллетенін дайындау қажет. 

«ОСК президентті сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін белгілейді және оларды дайындауды қамтамасыз етеді. Президентті сайлау жөніндегі бюллетеньдердің нысаны ОСК 2018 жылғы 23 тамыздағы №11/112 қаулысының №1 қосымшасына сәйкес белгіленген. Сайлау бюллетеньдеріне мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, барлық тіркелген кандидаттар енгізілді. ОСК президенттікке 7 кандидатты тіркеді», - деп айтты ОСК хатшысы Сабила Мұстафина.

ОСК сайлау бюллетенінде кандидаттар қандай тәртіппен орналасатынын айтты


 

ОСК кандидаттар бюллетеньде келесідей тәртіппен көрсетілуі тиіс екенін айтты:

1. Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы;
2. Еспаева Дәния Мәдиқызы;
3. Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы;
4. Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы;
5. Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы;
6. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы;
7. Түгел Сәдібек.

ОСК отырыс барысында бюллетень мәтінін көрсетті. Бір бюллетень бағасы – 1 теңге. Сонда жалпы құны 132 742 225 теңгені құрайды. 

Ол бюллетеньдерді қолдан жасаудан және тиісінше оларды бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі белгіленгенін айтты. 

ОСК бюллетеньдерді дайындауды қамтамасыз ету жөніндегі функциясын іске асыру үшін тисті типографияны анықтау қажет. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 39-бабы 3-тармағы 15-тармақшасына сәйкес, осы норманы іске асыру үшін қабылданған Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1161 қаулысымен бекітілген ҚР Сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тізбесінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілерін дайындау жөніндегі жұмыстарды бір көзден сатып алуды жүзеге асыру көзделген. Осыған байланысты «Жарқын Ко» ЖШС бюллетеньдерді дайындау туралы ұсыныс енгізілді.
 

«Сайлау бюллетеньдерін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларына жеткізу арнайы байланыспен жүзеге асырылады. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерін үш күннен, яғни 6 маусымнан ерте емес және сайлауға дейін бір күннен, яғни 8 маусымнан кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз ету қажет», - деп айтты ол.


 

Өзгелердің жаңалығы