Сайлау біздің өміріміз ғой – елордалық дауыс беруші

9 Маусым 2019, 16:58
2232
Бөлісу:
Сайлау біздің өміріміз ғой – елордалық дауыс беруші
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сайлаушылар №115 саулау учаскесіне келіп, ел басшысын таңдауға өз үлесін қосып жатыр.

Дауыс беріп, белсенділік танытып жатқан елордалықтар сайлауға мерекелік көңіл-күймен келгендерін, ешбір сайлаудан қалмайтындарын, сондай-ақ бүгінгі президент сайлауына қандай үмітпен келгендерін айтып өтті.


«Сайлаудан үмітім өте көп. Халқымыздың өмірі жақсы болсын деп тілеймін. Мен таңдаған үміткеріме дауысымды бердім, ол кісінің бағдарламасы өте жақсы. Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін әрбәр азамат өз таңдауын жасауы керек, өйткені сайлау біздің өміріміз ғой», - деп пікірімен бөлісті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнің мәліметінше, 2019 жылдың 9 маусымы сағат 16.00-ге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардағы сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтері бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 65,9%-ы дауыс берді. Сайлаушылар белсенді қатысып жатыр. Олардың ішінде Ақмола облысы – 75,1%, Ақтөбе облысы бойынша 79,7%, Алматы облысы – 78,9%, Атырау облысы бойынша 64,9%, ШҚО бойынша 69,8%, Жамбыл облысы – 71,8%, Қостанай облысы бойынша 69,7%, БҚО – 59,8%, Маңғыстау облысы бойынша 60,3%, Қызылорда облысы – 64,5%, Қарағанды – 63,1%, Түркістан облысы – 70,0%, СҚО – 68,3%, Павлодар – 67,9%, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 49,6%, Алматы қаласы – 45,7%, Шымкент қаласы бойынша 55,6% дауыс берді.
Видео: Кенжетай Ақсейітов
Өзгелердің жаңалығы