Сайлау: Белгілі опера әншісі өз таңдауын жасады

10 Қаңтар 2021, 14:36
1490
Бөлісу:
Сайлау: Белгілі опера әншісі өз таңдауын жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, белгілі опера әншісі Сүндет Байғожин сайлауға қатысып, таңдауын жасады.

«Астана Опера» театрының опера әншісі, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған Сүндет Байғожин былтыр жұмыс бабымен Қостанай облысына келген болатын. Осылайша, әнші туған жерінде бірінші рет сайлау науқанына қатысты. Ол Қостанай қаласындағы Юбилейный шағын ауданында 857-сайлау учаскесінде дауыс берді.

Өзім Арқалық қаласында дүниеге келдім. 2020 жылы туған жеріме қоныс аудардым. Қазір Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының басшысы қызметін атқарамын. Бүгін ұжымымызбен бірге Парламент сайлауына қатысып, азаматтық парызымызды орындадық. Кез келген қазақстандық елдің болашағы үшін сайлаудан тыс қалмауы тиіс. Отанымыздың жарқын болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Азаматтық белсенділік танытып, таңдау жасауға шақырамын, - дейді Сүндет Байғожин.
Өзгелердің жаңалығы