Бас жаңалықтар
Сайлау 2021: Ұлттық кеңестің 12 мүшесі депутаттықтан үміткер
27 Қараша 2020, 16:47 218

Сайлау 2021: Ұлттық кеңестің 12 мүшесі депутаттықтан үміткер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және Президенттік жастар кадр резерві сынды президенттік бастамалар  мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа тұлғаларды ұсыну тұғырнамасына айналды, деп жазды telegram-арнасында Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин.

Қазіргі уақытта Ұлттық кеңестің 12 мүшесі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып отыр. Оның ішінде Төлеутай Рахымбеков пен қуат Дәурен «Ауыл» партиясынан, Дания Еспаева мен Иса Қазыбек Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан, Жамбыл Ахметбеков Қазақстанның Халық партиясынан партиялық тізімдер құрамына кірді. Ұлттық кеңестің бірқатар өкілі «Nur Otan» партиясының партиялық тізімін толықтырды: Саясат Нұрбек, Қанат Нұров, Бақытбек Смағұл, Берік Әбдіғалиұлы, Ерлан Саиров, Айдос Сарым және Бекболат Тілеухан, - деді Ерлан Қарин. 

Сондай-ақ, Қарин бұған дейін Ұлттық кеңестің кейбір мүшелері мемлекеттік органдарға жоғары позицияларға тартылғанын атап өтті. 

Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Шыңғыс Мұқан - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Берік Әбдіғалиұлы – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, ал Максим Рожин Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі, Эмин Әскеров - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі болды, - деді ол. 

Президент көмекшісі Президенттік жастар кадрлық резерві жас және білікті кадрларды ілгерілету үшін әлеуметтік лифт ретінде өзінің тиімділігін іс жүзінде көрсетіп отырғанан айтты.

 «Nur Otan» партиясынан партиялық тізім бойынша кандидаттар қатарына Расул Медетов, Тілектес Адамбеков және Зульфия Сүлейменова сынды резервшілер енді. Жалпы, резервтегі 300 адамның 166-сы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік кәсіпорындардағы түрлі позицияларға жұмысқа орналасты, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен кездескенін хабарлаған болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...