Сайлау-2021: Алматыда 109 мыңнан аса адам дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 10:56
1799
Бөлісу:
Сайлау-2021: Алматыда 109 мыңнан аса адам дауыс берді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова мәлімдеді.

Оный айтуынша, қалада 1 млн 132 232 адам дауыс береді деп тіркеуге алынған. Қазіргі сәтте 109 мыңнан аса адам дауыс беріп үлгерген. 

Сайлауда қатаң заңбұзушылық тіркелген жоқ. Кейбір техникалық түсінбеушілік сайлау учаскесі аясында шешіліп жатыр. Жағдай тұрақты, - деді ол.

Сонымен қатар ол Алматыда 20-дан астам халықаралық байқаушы жұмыс атқарып жатықанын жеткізді. 

Алматыда қысқа мерзімге, яғни 2-3 күнге келген халықаралық байқаушылар саны 20-дан асады. Ал ЕҚЫҰ-дан екі бақылаушы келді. Барлығы өз жұмыстарын атқарып жатыр, - деді Асанова. 

Жалпы Алматы қаласы бойынша 581 сайлау учаскесі бар. Оның 74-і азаматтардың уақытша тіркеуі бойынша арнайы құрылған. Сондай-ақ әр сайлау учаскесіне байқаушылар тағайындалған. 507 сайлау учаскесінде 1014 адамнан тұратын тізім жасалған.

Өзгелердің жаңалығы