Бас жаңалықтар
Сайлау-2019. Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қатынап жатыр
09 Маусым 2019, 11:29 378

Сайлау-2019. Шымкентте қоғамдық көліктер тегін қатынап жатыр

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте 9 маусым – Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауына қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдап жатыр. Бұған дейін Шымкент қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев 9 маусым – сайлау күні қаладағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайтынын хабарлаған еді.

Қазір Шымкентте 27 көлік компаниясына қарайтын 80 бағыт бар. Осы бағыттарда 1155 көлік жолаушыларға қызмет көрсетеді. Сол көліктердің барлығы да сайлау күні жолаушыларды тегін тасымалдайды.

"Біз 9 маусым – Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы күні қала тұғрындары, яғни дауыс берушілердің ыңғайлы жүріп тұруына жағдай жасау үшін осындай шешім қабылдадық. Қоғамдық көліктер жолаушыларды таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін тегін тасымалдайды. Ешқандай ақы сұрамайды", – деді Қуатжан Жұматаев.

Айта кетсек, Шымкентте 9 маусым – ҚР президентінің кезектен тыс сайлауында Шымкентте 260 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Олардың 19-ы жабық сайлау учаскесі саналса, қалған 25 сайлау учаскесі жаңадан ашылған. Осы 260 сайлау учаскесіне 568 794 сайлаушы тіркелген. Сол 260 сайлау учаскесінің 113-інде тіркелген сайлаушылар саны 2500-3000 адам арасында болып отыр.



Фото: автордан
Загрузка...