Саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша диалог өтті

20 Қазан 2020, 22:01
1685
Бөлісу:
Саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша диалог өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов бейнеконференция режимінде «Орталық Азия – Еуропалық одақ» Саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогтың кеңесіне қатысты.

ЕО делегациясын Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің (ЕСІҚ) Бас хатшысы Хельга Шмид басқарды. Орталық Азия мен Еуропада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстан Ислам Республикасымен ынтымақтастықты дамытудың жоғары маңыздылығын ескере отырып, отырысқа Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мирвайс Наб қатысты.

Тараптар ағымдағы жылы қараша айына жоспарланған ОА-ЕО 16-шы министрлік кездесуінің күн тәртібі мен дайындық барысын, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия мен Ауғанстандағы бағдарламалық қызметінің негізгі бағыттарын талқылады.

Қатысушылар денсаулық сақтау және шекараларды басқару саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға, терроризм мен экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымына байланысты өңірлік сын-қатерлер мен қауіптерге ден қоюға, құқық қорғау органдары арасындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ ауған проблематикасы бойынша бірлескен тәсілдерді әзірлеуге өзара мүдделілікті растады.

Трансшекаралық су ресурстарын ұтымды бірлескен басқару, экология және климаттың өзгеруі мәселелерін шешу саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, өңірдің тұрақты даму мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ЕСІҚ Бас хатшысы мен Орталық Азия және Ауғанстан мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының орынбасарлары сыртқы саяси ведомстволардың күш-жігерін ЕО-ның Орталық Азия бойынша өңірлік Стратегиясының басымдықтарын іске асыруға шоғырландыруға уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы