Бас жаңалықтар
Сауысқан велосипедшінің өліміне себепші болды
17 Қыркүйек 2019, 14:20 959

Сауысқан велосипедшінің өліміне себепші болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияда 76 жастағы ер адам сауысқан шабуыл жасағаннан кейін қаза болған. Бұл туралы ABC News сайты хабарлады.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының Вуллонгонг қаласына жақын парктердің бірінде велосипед теуіп жүрген австралиялыққа құс шабуыл жасаған. Құстан қашып құтылмақ болған ер адам жолынан тайып кетіп, қоршауға соғылып, жерге құлаған. Салдарынан ауыр бас-ми жарақатын алған.

Жергілікті тұрғындар зардап шеккен адамға дәрігерлер келгенше көмек көрсеткен. Жедел жәрдем бригадасы ауыр жағдайда жатқан ер адамды ауруханаға жеткізген. Алайда, қанша тырысқанымен дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады.

Тұрғылықты халықтың айтуынша, аталмыш паркте адамдарға шабуыл жасайтын сауысқан өмір сүреді. 

Сайттың мәліметтеріне сәйкес, сол ауданда осыған ұқсас шамамен 8 оқиға болған.

Сауысқан өз «құрбанының» ізіне түсіп, ұясынан алыстап кете береді. Жақында дәл сол құс балаға шабуыл жасаған.

Қалалық әкімдік парктің жанындағы жол бойына паркте қауіпті құс бар екенін ескертетін белгілер қоймақ.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...