Бас жаңалықтар
Саумалкөлде мәселелер кешендi түрде шешiлуде
22 Қаңтар 2020, 02:41 145

Саумалкөлде мәселелер кешендi түрде шешiлуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Cолтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс бабымен аймақтағы Айыртау ауданында болды. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Саумалкөлде "Ауыл ел бесiгi" аясында мәселелер шешiмiн табуда. Барлық 18 көше жөнделдi. Мектептер мен аурухана жаңарды. Жаңа қазандық қойылмақ, бұл көпқабатты үйлердi тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермек.

Өнер мектебi мен дене шынықтыру кешенi салынуда. Бассейн қалпына келтiрiлдi. Аудандарда стадиондар, хоккей корттары болу керек. Бұл кәсiби спортты дамытуға септiгiн тигiзбек, - дедi Құмар Ақсақалов.


Фото: дереккөз
Загрузка...