Сәуірде Алматыға 400 мыңға жуық вакцина жеткізілмек

9 Сәуір 2021, 14:16
1237
Бөлісу:
Сәуірде Алматыға 400 мыңға жуық вакцина жеткізілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты.

Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсуде. Күн сайын коронавирутық инфекцияның 700-ден астам жағдайы анықталып жатыр. Ауруханаға түсіп жатқан науқастар саны орта есеппен 300-400 адам деңгейінде. Бүгінгі таңда Алматыда 2 млн-нан астам тұрғын бар. Вакцинацияны кемінде бір миллион қала тұрғынына жүргізу жоспарлануда. Жаппай вакцинациялауға дайындық мақсатында бірінші кезеңде егу кабинеттерінің қажетті саны есептелді. Егу пункттерін біртіндеп ұлғайту жүріп жатыр. Ақпан айының басында, біз вакцинацияны бастаған кезде, басында 35 егу пункті болды. Бүгінгі таңда олардың саны 182 - ге жетті, - деді ол.

Оның айтуынша, Алматыда вакциналау басталғаннан бері 68 650 вакцина алынды. Вакцинацияланғандардың жалпы саны 49 160 адам.

Қалған вакцина саны - 19 490. Біз 13 сәуірге дейін тағы 69 мың вакцина жеткізуде жоспарлап отырмыз және айдың соңына дейін Алматыға тағы 300 мыңнан астам вакцина жеткізілмек. Бұл сан нақтыланатын болады, қазір арнайы штаб құрылды. Осы дозалардың барлығы егу пункттері бойынша бөлінген, - деді Нариман Табынбаев.


Спикер медициналық мекемелер мен емханалардан басқа, адамдар көп жиналатын орындарда, СОО-да егу пункттері ашылғанын атап өтті.

Сонымен қатар қаланың шалғай аудандарында біз вакцинациялау үшін машиналар, жылжымалы медициналық пункттер мен мобильді бригадалар шығуы үшін вакцинациялауды жоспарлап отырмыз. Осындай төрт машина дайындалды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы