Мамин: Қытай – Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі

15 Мамыр 2019, 20:32
2317
Бөлісу:
Мамин: Қытай – Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қытайдың Коммунистік партиясының Орталық комитетінің Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің Премьерінің Орынбасары Хань Чжэнмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында.

Кездесуде екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды дамытудың, шекара маңы ынтымақтастығын, оның ішінде «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын дамыту арқылы да тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды.

«Нұрлы Жол» экономикалық саясатын және «Белдеу және жол» стратегиясын қосарлау аясындағы индустриялық-инновациялық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Барлығы жалпы сомасы $27 млрд-қа 55 қазақстандық-қытайлық жоба іске асырылатын болады. 2015 жылдан 2018 жыл аралығында $3,8 млрд сомасына 12 жоба пайдалануға берілді, биыл $310 млн-ға 5 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың ішінде күн электр станцияларының, ГЭС, заманауи ет комбинаты кешенінің құрылысы бар. $5,5 млрд сомасына 11 жоба жүзеге асырылу үстінде. $18,1 млрд теңге сомасына қалған жобалар бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, жобаларды іске асыру 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі ілгерлету үшін тараптар бүгін Алматы қаласында екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 400-ден астам өкілдерінің, оның ішінде Сычуань және Шэньси қытай провинцияларының, Гуанси-Чжуан, Шыңжаң-Ұйғыр автономды аудандарының басшыларының қатысуымен өтіп жатқан ІІ ҚР – ҚХР аймақаралық ынтымақтастық форумының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Асқар Мамин қытай делегациясының алдағы XII Астана экономикалық форумына қатысуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға зор қарқын беретінін айтты. 

Келіссөздер барысында ҚР Үкіметінің басшысы көлік-логистикалық компетенциялар мен транзиттік дәліздерді, энергетиканы, өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы өзара іс-қимылды күшейтудің, әсіресе, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтудың қажеттігін атап өтті.

«Қытай – Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі. 2018 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 11,1%-ға ұлғайып, $11,7 млрд көрсеткішіне жетті. Биылғы екі айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі $2 млрд құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12,1%-ға жоғары. Біз осындай оң қарқынның сақталуына мүдделіміз», - деді Мамин.

Өзгелердің жаңалығы