Сауд Арабиясы Пәкістанда мұнай зауытын салады

14 Қаңтар 2019, 12:58
2085
Бөлісу:
Сауд Арабиясы Пәкістанда мұнай зауытын салады

Астана, baq.kz. Сауд Арабиясы Пәкістанның Гвадар суы терең портында құны 10 млрд долларды құрайтын мұнайды қайта өңдеу зауыт құрылысын жоспарлап отыр. Бұл жөнінде etoday.kz порталы хабарлайды. 

Пәкістан ішінара мұнай бағасының өсуіне байланысты туындаған ағымдағы операциялар есебі тапшылығының артуын болдырмау үшін инвестициялар мен басқа да қаржылық қолдау тартуды көздеп отыр. 

Өткен жылы Сауд Арабиясы Пәкістанға ішіне мұнай импортын қаржыландыру кіретін 6 млрд долларға көмек пакетін ұсынған болатын. 

«Сауд Арабиясы мұнайды қайта өңдеу зауытын салу және Пәкістанмен қытай-пәкістандық экономикалық дәліздегі серіктестік арқылы Пәкістанның экономикалық дамуын тұрақты жолмен жүзеге асырғысы келеді», - деді Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих. 

Бейжің Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізі (СРЕС) аясында өз тарапынан 60 млрд доллар бөлді. 

«Гвадарда мұнайды қайта өңдеу зауыт пайда болғаннан кейін Сауд Арабиясы СРЕС-тің маңызды серіктесіне айналады», - деді Пәкістанның мұнай министрі Гулам Сарвар Хан.

Өзгелердің жаңалығы