Бас жаңалықтар
Сауаты бар адам әрқашан ресми ақпаратқа сенеді - Аида Балаева
20 Қыркүйек 2020, 04:40 152

Сауаты бар адам әрқашан ресми ақпаратқа сенеді - Аида Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасында ел арасында дүрбелең туғызып жүрген блогерлерлердің мәселесі реттелетінін айтты, деп хабарлады Egemen.kz.

Сауаты бар адам әрқашан ресми ақпаратқа сенеді. Блогерлер сүзгіден өтпеген ақпараттарды өзінің оқырмандарын көбейтіп, оларды қызықтыру үшін ғана жылдам жариялап жатады. Ал кәсіби журналист ең алдымен ақпараттың шынайылығы мен оның заңға сәйкестігін тексеріп, редакторлар сүзгісінен өткен материалды ғана жариялайды. Кей кезде блогерлердің жауапсыздығынан жалған ақпараттар тарап, ол тақырыптар халық арасында қызу талқыға түсіп жатады. Сол ақпараттың барлығын ресми ақпаратпен қарастырып отыру керек, - деді А.Балаева.
Оның айтуынша, жалған ақпарат таратушы блогерлер мәселесі алдағы уақытта заңмен реттеледі.
Блогерлер ақпараттық құралға жатпайды. Сондықтан заң жүзінде олардың істеріне біз ешқандай шектеулер жасай алмаймыз. Егер заң өзгеріп, жаңа талаптар болып жатса, оның барлығы – реттелетін дүние. Оған уақыт керек. Бұл біздің министрліктің нақты жоспарында бар. Оны біз қоғаммен ашық түрде талқылай отырып, заман ағымына сәйкес заң жасаймыз, - деді ол.
Осы ретте, министр жалған ақпаратты анықтайтын Stop Fake ресурсы жайында айтып өтті.
Бүгінде жалған ақпараттың саны көбейіп кетті. Сондықтан Stop Fake ресурсы күнделікті 1-2 жалған ақпаратты тауып, оны жоққа шығарып отырады. Менің ойымша, бұл ресурс халық арасында жақсы насихатталуы керек. Адамдар осындай ресурстың барын білсе, ақпараттарды өздері тексеріп отырады, - деді Аида Балаева.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...