Бас жаңалықтар
Алматы әкімі: билік пен қоғам әрдайым диалогқа келу арқылы ғана сауатты мемлекет құра алады
27 Қыркүйек 2019, 13:04 800

Алматы әкімі: билік пен қоғам әрдайым диалогқа келу арқылы ғана сауатты мемлекет құра алады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халықтары ассамблеясындағы қоғамдық келісім кеңесі маңызды рөл атқаруда. Олар жұртшылықты алаңдататын мәселелерді қарап, қоғамдық бақылау қызметін іске асыруда. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан халықтары ассамблеясының форумында айтты.

Қала әкімінің айтуынша, Қазақстан халықтары ассамблеясындағы қоғамдық келісім кеңесі маңызды рөл атқаруда. 

«Олар жұртшылықты алаңдататын мәселелерді қарап, қоғамдық бақылау қызметін іске асыруда. Әрдайым қоғамдық маңызы бар шараларды ұйымдастырып, қайырымдылық жасау, меценаттық және медиация мәселесімен айналысады. Бұл жұмыстардың барлығы үкіметтік емес ұйымдармен және жастар бірлестіктерімен, діни конфессия өкілдерімен, БАҚ және өзге де мемлекеттік ұйымдармен әріптестікте жүзеге асырылып жатыр», - деді ол. 

Сонымен қатар, ол бүгінгі форум аясында қоғамдық келісім кеңестерімен қазақстандықтардың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жүзеге асу барысы талқыланатынын жеткізді.

«Мұндай ашық талқылау алаңы осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту жөніндегі пікірлер мен ұсыныстарды жетілдіру үшін өте маңызды. Қазақстан президенті өзінің Жолдауында қоғамдағы жүйелік өзгеріске қатысты стратегиялық тапсырма қойды, әсіресе жұртшылықтың жалақысын көтеру мен әлеуметтік мәселені шешуге ден қоюда. Президент айтқандай, біздің ортақ міндетіміз «тыңдайтын мемлекет» тұжырымын өмірге енгізу. Яғни, азаматтардың өтініштеріне жедел, әрі тиімді жауап беру. Билік пен қоғам әрдайым диалогқа келу арқылы ғана сауатты мемлекетті құра алады», - деді Сағынтаев.  

Сондай-ақ ол бұл бағыттағы тактикалық қадамдар анықталғанын, енді соларды жүзеге асыруға көшкендерін айтты.

«Қоғамды алаңдататын барлық мәселе бойынша жоспар әрекеті құрылды, олар медицина, дамыту, білім беруді дамыту, қауіпсіздік пен әлеуметтік қолдау. Қалалық басқарма басшылары мен аудандық әкімдер халықпен тілдесу үшін әлеуметтік желіде аккаунт ашып қана қоймай, әрдайым Ашық есік күні шарасын өткізіп жатыр. Жауапсыз қалған әр өтініш, сұрақ үшін бірінші басшылар жеке жауап береді», - деді қала әкімі.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының форумында Алматыда 10 этникалық БАҚ тіркеліп, өз қызметтерін жүргізіп жатқанын айтып өткен болатын.


Фото: автордан
Загрузка...