Сауалнама. Вакцина салуға ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ

12 Сәуір 2021, 19:00
2549
Бөлісу:
Сауалнама. Вакцина салуға ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қарапайым халық өз еріктерімен вакцина салдырып жатыр. Бүгін №6 емханада болып, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алып жатқандар арасында сауалнама жүргіздік.

Кішкентайымыздан вакцина алып келеміз
Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын. Вакцина алу процесі жылдам өтті. Жалпы вакцинаны өзімді және жанымдағыларды вирустан қорғау үшін алдым. Жасым 60-та. Негізі кішкентайымыздан вакцина алып келеміз, оның еш жамандығын көрмедік. Бала кезімізден тұмауға қарсы вакцина алып келеміз. Соңғысын жарты жыл бұрын салдырдық. Ол да көп көмегін тигізді. Себебі осы күнге дейін бірде-бір рет ауырмадық. Коронавируспен ауырған күннің өзінде ауру симптомсыз өткен болуы мүмкін, - дейді зейнеткер Людмила Петровна.

Бүгін Людмила Петровна жұбайы Виктор Иванович екеуі №6 емханаға келіп, КВИ-ге қарсы екпе алды.

Вакцинаның КВИ-ге қарсы әсеріне сенемін
Мен бүгін вакцина алу үшін емханамен байланыстым. Олар кейін 2 сағаттан кейін өздері қайта хабарласып, екпе алуға шақырды. Негізі мен осы емханаға тіркелгенмін. Ал жұбайым ешбір емханаға тіркелмеген болып шықты. Енді тіркелмесе де, келіп вакцина алуға болатыны туралы біліп тұрмын. Жалпы вакцинаның КВИ-ге қарсы әсеріне сенемін. Себебі айналамдағы таныс адамдардың көбі коронавируспен ауыра бастағанын көріп жүрмін. Қазір вирустың толқыны жүріп жатқандай. Өзім коронавируспен ауырмадым. Әріптестерімнің арасында да вакцина алу туралы көп сөз болып жүр. Олардың көпшілігі сенбі күні Mega Silk Way-де орналасқан вакцинациялау пунктіне барып салдырды. Барлығымыз вакцинаны ерікті түрде салдырып жатырмыз, ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ, - деді 44 жастағы нұр-сұлтандық Юлия Войтович.

Елордалық бұған дейін тұмауға қарсы вакцина салдырған.

Бұл бір күндік ауру емес
Емханаға келіп, ең алдымен терапевтің қарауында болдық. Дәрігер қысымды, дене қызуын өлшеп, созылмалы ауруларға қатысты сұрақ қойды. Сондай-ақ бұған дейін салдырған екпе туралы, аллергияның бар-жоқтығын сұрады, - дейді 40 жастағы елордалық Наталия Хомякова.

Ол бүкіл әлемге қарсы күресудің мәні жоқ екенін сөз етті.

Бұл бір күндік ауру емес. Жалпы коронавирус бұрыннан бар вирус. Қазір бұл вирус түрленіп жатыр. Сондықтан тағдырды сынаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Жалпы жанымыздағы жақындарымыздың ауырғанын көрдік. Мен ата-анамның, балаларымның коронавируспен ауырғанын қаламаймын. Сол себепті аурудың алдын алу үшін вакцина алу қажет, - деді 40 жастағы Наталья Хомякова

Сауалнама. Вакцина салуға ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ

Ол 20 жастағы Назар есімді ұлымен бірге келіп вакцина алды. Наталья №6 емханада тіркелген, ал ұлы студенттік жатақханада тіркелген. Десе де вакцинаны дәл осы емханадан алуға ешкім қарсылық көрсетпеген.

Вакцина алған адамның ағзасында КВИ-ге қарсы иммунитет пайда болады
Өзім коронавируспен ауырған жоқпын. Оның алдын алу үшін вакцина алуға келдім. Менен басқа жақын достарым да дәл қазір басқа поликлиникада вакцина салдырып жатыр. Вакцина алған адамның ағзасында КВИ-ге қарсы иммунитет пайда болады деп ойлаймын. Тіпті бұрын тұмауға қарсы вакцинаны да салдырып жүрдік. Негізі жұмысым іссапармен байланысты болғаннан кейін вакцина алғаным жақсы болды, - деді 42 жастағы Азамат Қоңыратов.

Сауалнама. Вакцина салуға ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ

Елордалық енді вакцина салдырғаннан кейін вирустан маска тағып, арақашықтықты сақтап қорғануды жалғастыратынын жеткізді.

Бұл - ерікті түрде жасалатын жұмыс
Ресейлік вакцинаны күттім. Ол туралы түрлі оң пікірлерді естідім. Оның үстіне әлемнің жарты халқының ешқандай жанама әсерінсіз вакцина алғанын көріп отырмын. Осылайша тіркелген емханаға өзім хабарласып, вакцина алуға жазылдым. Негізі ертеңге шақырған болатын, дегенмен кейінге қалдырмауды жөн көрдім. Қазір терапевт тексерді, бәрі жақсы, екпе салдырдым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Өзіңді және жақыныңды КВИ-ден қорғау үшін міндетті түрде вакцина алу қажет. Ең бірінші ұлым вакцина алды. Себебі ол дәрігер. Ол вакцина алуға қатысты үгіт жасамады. Себебі бұл ерікті түрде жасалатын жұмыс. Кейін бақылаудан өткен соң, ұлым міндетті түрде вакцина алу қажеттігін айтты, - деді 47 жастағы Анна Слабченко.
Сауалнама. Вакцина салуға ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ

Анна Слабченко мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеші-логопед болып қызмет атқарады. Оның отбасында ешкім коронавируспен ауырмаған. Сондықтан вирустың алдын алу үшін вакцина жасатып отыр. Сондай-ақ елордалық тұрғын қажет болған жағдайда медициналық тексеруден өтіп тұратынын айтты.

Бүгін екпе алған қала тұрғындары енді 21 күннен кейін Sputnik V вакцинасының екінші компонентін алуға келеді.

Дәрігерлер қауымы вакцина алған азаматтарға дене қызуы көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ вакцина алғаннан кейін 3 күн бойы екпе салған жерге су тигізуге болмайды, ауыр жұмыс істеуге және алкоголь өнімдерін қолдануға тыйым салынады.

Вакцина алғаннан кейін азаматтардың қолдарына вакцина алғаны туралы қағаз беріледі. Ол жерде қарсы көрсеткіштер және екінші вакцинаға қашан келетіні көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы